Жарияланды: 13.12.2018

Қамкөңіл балалар қуанып қалды

Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен Қапланбек ауылдық округінде Тәуелсіздік мерекесіне орай, тұл жетім және жартылай жетім балаларға сый сияпаттар табысталды. Ислам дініндегі басты құндылықтардың бірі — қайырымдылық. Құран Кәрімде: «Шамаларың келгенше Алладан именіңдер. Оның айтқанына (әміріне) бойұсыныңдар, (Алла жолында) мал-мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл өздерің үшін қайырлы. Кімде-кім нәпсі сараңдығынан сақтанса, ол мақсатына жетуші. Егер Аллаға жақсылап қарыз берсеңдер (садақа берсеңдер), Алла оның сауабын еселеп қайтарады. Сендерді жарылқайды. Алла береген (аз жақсылыққа, көп сауап беруші) кеңпейіл, жазалауға асықпайды. Ол құпияны да, әшкерені де білуші. Ол аса үстем хикмет иесі». Адам баршылық та да, таршылық та да сыналады. Бар болып тұрып, жоқ-жітікке қарасу — бұл екі дүниенің сауабына кенелу деген сөз. Қайырымдылық көрсеткен азаматтарға  қамкөңіл, жүрегі қаяу балалар сыйлық ойыншықтарға қуанып, ризашылықтарын білдірді.

1 479 қаралым