Жарияланды: 13.12.2018

Ерте жүктілік етек алмасын

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және мектеп жасындағы қыз балалалардың арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында  Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласына қарасты №2 А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінде «Ерте жүктіліктің алдын алу және репродуктивті денсаулығы туралы» тақырыбында семинар тренинг болып өтті. Семинар тренингке Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімнің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы, аудандық аурухана психолог мамандары мен жасөспірімдер қатысты. Семинарда ерте жүктіліктің салдары, физиологиялық тұрғыдан жас ағзаның оған әлі дайын еместігі, әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін қыз  балаларды күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтар талқыланды. Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы — жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен, жоспарланған жүктіліктің 90 пайызы отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз баланың өмірінде келеңсіздіктер орын алады. Семинарда қойылған сұрақтар көп болды, оның әрқайсысына  мамандар толық жауап берді. Семинардан соң бірнеше оқушы жеке сұрақтарына жауап алуға ниет білдірді.

1 976 қаралым