Талайларды таң қалдырған дүкен 5 қабаттан тұрады. Жоғары қабатқа шыққан сайын жақсы қасиеті мол күйеулер көп әрі бағасы да қымбаттай береді. Үш ереже бар.
Үш ереже:
1. Көрген қабатқа қайта оралуға болмайды
2. Таңдау жасалынып қойған болса, онда оны ауыстыруға, қайтаруға болмайды
3. Дүкенге тек бір ақ рет кіруге болады
Бір күні әлгі дүкенге бір әйел келеді.
Бірінші қабатта тақтайша ілінулі тұрады. Онда «Мұнда жоғары табыс табатын әрі жақсы күйелер сатылады» деп жазылыпты. «Қандай керемет» деп ойлапты әйел. Бірақ екінші қабатты да көргісі келіпті.
Ал екінші қабатта «Мұнда жоғары табыс табатын, жақсы күйеулер сатылады. Әрі балаларды жақсы көреді» деп жазылыпты. «Қандай күшті» деп ойлапты әйел. Бірақ қызығушылығы оны үшінші қабатқа алып шықты.
Үшінші қабатта: «Мұнда жақсы жалақы алатын, балаларды сүйетін, үй жұмыстарына көмектесетін жақсы күйеу сатылады» депті.
«О! Бұл керемет күйеу ғой, бұдан басқа не керек?» дейді әйел. Бірақ төртінші қабаттағысы қандай екен?» деген ой келеді.
Төртінші қабатта «Мұнда жақсы жалақы алатын, балаларды жақсы көретін, үй шаруасына көмектесетін, романтиканы сүйетін күйеу сатылады» деп жазылыпты.
«Бұдан басқа не керек? Мен оны сатып алкуым керек» дейді әйел. Бірақ бесінші қабатта не бар деген ой оны тағы да жоғарыға жетелейді.
«Кешірім өтінеміз. Мұнда күйеулер сатылмайды. Бұл әйелдердің қанағатсыздығын дәлелдеу үшін қажет болды. Сіз — 1.965.784 келушісіз. Осы уақытқа дейін бірде бір әйел ештеңе сатып алған жоқ» деп жазылыпты.