Жарияланды: 13.01.2019

Байлықтың заңы…

«Қалаған нәрсеңді алу үшін — алдымен оны алуға деген ниетің мен ішкі дайындығың болуы керек» Жетістікке қол жеткізу үшін алдыңыздан күнделікті кездесетін мүмкіндіктерді жіберіп алмауды үйреніңіз.

Бай адамдардың қарапайым адамдарға қарағандағы айырмашылығы олар өздерін бақытты, әрі бай ететін мүмкіндіктерді тез аңғарады. Ал, тұрмыстан тарығатын адамдар ол мүмкіндіктерді құлағымен естіп тұрса да естімегендей, көріп тұрғанмен көрмегендей күйде тұрады. Неге?

 

Себебі адамның өзі іштей не нәрсеге бекінулі немесе сенімді, ми соған қатысты ақпараттарды аңдауға және қабылдауға қабілетті. Сондықтан өміріңізден жағымды оқиғаларды жиі көргіңіз, отбасыңызды молшылықпен қамтамасыз еткіңіз келсе, онда «сәттілік арнасын» таңдауыңыз қажет, табысқа қатысты оң мәліметтерді жинастырып, өздігіңізше санаңызда қорытып дағдыланыңыз. Жаратылыстың байлығын, сыйын, адамзатқа арналған ғажайыптарын қабылдауды, өзіңізге тартудың сырын ұғынуыңызға тиіссіз. Адамдар жан жағында игілікті молшылық, береке байлық тасып жатқан әлемде өмір сүріп жатқанын сезе ме екен? Әрбір адам қанша қаржы тапқысы келеді, сонша ақша таба алады, не болмаса қандай нәрсеге мұқтаж соны ала алады. Тек адамға бар болғаны өзінің көздегеніне қол жеткізу үшін көзін ашып қарап, табыс арнасын «аулап» үйренуі қажет.
Байлық заңы мынадай ережелерден тұрады:
1. Бірінші заңдылық: адам түпкі жасырын бейсанасымен де, саналы түрде болсын, нені қалайды, соны алады. Егер сіз зәулім үйде, ұл қыздарыңызбен бақытты отбасын құрып, жалақысы жоғары, ілгері дамыған қызметті иемденгіңіз келсе, онда мұны шындыққа айналдыра аласыз. Ал, егер сіз біреуге жалданып қызмет еткенді қаласаңыз, не болмаса бір бөлмелі үйде тұруды мақсат етіп қойсаңыз, оған да қол жеткізесіз. Сондықтан не нәрсеге талпынып жатсыз, нені алғыңыз келеді, нені көздейсіз, міне, осы бағыт бағдарыңыздың қандай екеніне ең алдымен мән беріңіз. Уақыттың тығыздығына жүгінбеңіз, айналаңыздағы адамдардың сын пікіріне, болжамына сүйенбеңіз, өзіңізді тыңдаңыз, ішкі әлеміңізге үңіліңіз. Кез келген жан көңіл түкпірінде табысқа кенелгісі келеді. Бірақ оған сенбейді. Өз қалауыңыздың не екенін ажырата білгеніңі дұрыс. Табыс туралы ойлар сіздің миыңызда көмескі, айқын емес болса, банктегі есепшотыңызда ойша мың миллиондаған ақша жатпаған болса, онда өміріңізде де бұл қаржылар орын алмайды деген сөз. Азғантай ақшаны қанағат етсеңіз, онда сол көлемдегі мөлшер сіздікі болады.
2. Бұл тұжырымнан екінші заңдылық туындайды: табысты болғыңыз келе ме – ендеше болыңыз!
3. Үшінші ереже жоғарыдағы екеуімен жалғасты болып келеді, адам табысты ең әуелі өзі таңдамайынша, табыссыз күйде қала береді.
Маған өзіме қолайлы жұмыс жоқ, мамандығыма лайықты бос жұмыс орнын таба алмадым дейтін адам өзін «жұмыстың жоқтығына» сендіргендіктен, оған қалың ұсыныс түсіп жатқан жерден де орын табылмайды. Себебі, оның санасы алдын ала бекітіліп қойған ақпаратқа сай жұмыс істейді, әуедегі «жоқшылық арнасын» өзіне тартады. Және оның ойы басқа жағымды ақпараттарды қабылдауға дайын емес, әрі жабық тұрады. Мұндай адамның табыс туралы ойлары көбінде мынандай болып келеді: «Егер мен үлкен қызметке көтерілуім керек болса, онда жолымдағы әлдекімді ығыстырып шығаруым қажет», «барлығына бірдей байлық қайда?», «табысқа жетуіме мүмкіндігім аз, шамам жетпейді»… Көпшілігі басшылық қызмет те, дүние байлық та жер бетіндегі адамның барлығына бірдей жете бермейді деп түйеді.
Осы айтылған ойлар сіздің де санаңызда қалыптасқан болса, онда байлық пен молшылық заңдылығын қабылдай алмайсыз. Әлемде әрбір адам үшін молшылықтың мүмкіндіктері мен жолы көп екенін тағы да естеріңізге сала кетейік. Көк жүзінде қанша жұлдыз барын, әр көктем сайын қанша көк шөп көктеп шығатынын, қанша егістік өнім беретінін, күздігүні қанша жапырақ төгіліп түстетінін, қанша тамшы жауын жауып өтетінін ойға алыңыз… Мыңдаған жұлдыздардың ішінде ілкімділерінің ғана атауы бар, солар ғана зерттеушілердің назарына іліккен, қалғандары елеусіз… Мыңдаған шөптер мен өсімдіктердің ішінде кейбіреулері өндіріс пен медицинада пайдаланылады, кейбірі қол тимеген күйі солып қалады. Сол секілді, адам баласына мүмкіндіктер күн сайын, сағат сайын жолығады. Бастысы, бұл әділ-тәсілдерді көре білу, ұсыныстарды таңдау және соны тиімді пайдалану. Тәуекелге бару.

Егер шын мәнінде өзіме сондай мүмкіндіктер мен ұсыныстар кездеспей жатыр деп ойласаңыз, онда айналыңыздан әлденені күтуден гөрі ішкі жан дүниеңізге үңіліп көріңізші. Әлгі өсімдіктер мен жұлдыздар сияқты адам баласы да табиғаттың бір бөлшегі. Адам жаратылыс заңдылықтарына бағынады. Барлық сиқырлы күш – адамның ақылында.
Дегенмен, адамға осы жоғарыда айтылғандардың өзін орындау оңай емес. Қандай жағдайда адам өзінің өмірлік жолын айқындауға қабілетті. Ол нені таңдайды, тағдыры соны жасайды. Ал, өмірінің жарқын жақтарын жасау үшін өз жанының мұқтаждылығына құлақ асса ғана жетістікке жете алмақ. Алайда, көбінде адамдардың ақылы белгілі бір нәрсеге тоқталып, шешім шығарғанмен, оның жаны сол шешімді қабылдамай тұрады. Яғни, ақылдың таңдағанына жан қалауы қарсы шығады.

Ақырында адам өзінің ойлағанындай жетістікке жете алмайды да, бойында өзіне сенімсіздік пен көңілі толмаушылық пайда болады. Мақсатқа жете алу үшін адамның жаны тыныш және үйлесім табуы қажет. Жаны тыныш адам ғана жетістікке жететін әдіс тәсілдерді пайдалана алады. Ақылдың жұмысы — көп адамдар секілді қатып қалған стандарттармен жүру ғана емес, жан дүниемен астасып, онымен жымдаса келе, адамның бойындағы қабілетті дамыту. Яғни, жан қалауы мен ақыл таңдауы сәйкес болуы керек.
otbasybakyty.kz

1 354 қаралым