Жарияланды: 23.03.2019

Шымкенттің мұғалімдері Елорданы Елбасының атымен Нұрсұлтан деп атауды құптайды

Елбасымыздың айдай әлемге жасаған және де бір өзінің ғана емес, барша қазақ жұртын талпындырған тағы бір қадамы – бүгінгі Астананың салынуы.

Өзінің қолымен салған, кешегі бабаларымыздан қалған әпсана самұрықтың алтын ұясын, бәйтерегін орналастырып, сол жерге қазақтай ел болатын Қазақ елі монументін қою, мұның барлығының астарында қазақтың дамуы, қазақтың келешекке деген даңғыл жолы жатыр.
Сол үшін де біз, Шымкент қаласының бүкіл мұғалімдері, Елорданы Елбасының атымен Нұрсұлтан деп атауды әбден лайық деп есептейміз.
Бүгінгі таңда елдің төрі — Елордамыз барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналды. Астана- әлем елдерінің көшбасшылары бас қосып, пікір алмасып, тарихи маңызы зор шешімдерді қабылдауда. Елдің мақтанышы саналатын көкке ұмтылған бірегей, зәулім ғимараттар жүрегімізді тебірентеді, мерейімізді тасытады.

Елорданың заманауи келбетіне шетелдік қонақтар таңданыспен қарауда. Астана ТМД бойынша ең қолайлы, ғажайып қала ретінде танылды. ТМД елдерінің ішінде алғаш рет Астана қаласында ЭКСПО халықаралық көрмесі ұйымдастырылды. ЭКСПО халықаралық көрмесі Қазақстанның мәртебесін күллі әлемге паш етті. Бұл біздің ортақ жетістігіміз. Жарқын қаламыз одан әрі өркендей берсін, біз ол үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет.
Елорданың атауын Тұңғыш Президентіміз, Елбасымыз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атауды біз толық құптаймыз.

Елбасына деген ізгі ниетпен,
Шымкент қаласының мұғалімдері

1 183 қаралым