Жарияланды: 02.05.2019

Шымкенттік шәкірт Торонто универтитетінің грантына ие болды

Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Мүсілім Арайлым Канаданың Торонто Университетінің грант иегері атанды. Әлемнің үздік 30 университетінің қатарындағы Торонто Университетінде білім алуға Lester B. Pearson Scholarship жыл сайын 37 үміткерге беріледі.

Бұл бағдарлама өз мектептерінде жоғары академиялық үлгерімі мен таланттары бар көшбасшы оқушыларды ынталандыру мақсатында тағайындалған. Lester B. Pearson Scholarship иегері атану үшін әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған оқушылар құжаттарын тапсырады. Шәкіртақы мыңдаған үміткерлердің арасында болашақта әлемді өзгерте алатын оқушыларға беріледі. «Бастапқыда өзімді 37 жеңімпаздың арасында екеніме сене алмадым,» — дейді Арайлым, — «Бірақ алтын ұям – мектебімнің маған берген мүмкіндіктері мен терең білімінің, бойыма сіңірген тұлғалық қасиеттерің арқасында арманым шындыққа айналды. Lester B. Pearson Scholarship иегері атану үшін айлар бойы ұзақ еңбектендім. Әлемнің үздік университетінде алған білімім мен біліктілігімді елімнің дамуына жұмсағым келеді».
Мүсілім Арайлым – үздік аттестат үміткері, халықаралық IELTS емтиханынан 7,5 балл, SAT емтиханынан 1400 балл алған. Академиялық жетістіктерінен бөлек, қоғамдық іс-шаралардың белсенді ұйымдастырушысы және қатысушысы. Германияның Jacobs University оқу орнының грант иегері, сонымен қатар, Назарбаев Университетінің NUFYPET емтиханынан да жоғары нәтижеге қол жеткізді. 

1 785 қаралым