Түркістан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен «Қауіпті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында орта мектеп психологтары арасында семинар-тренинг өтуде.
Семинар-тренингті жүргізіп жатқан тренерлер: профессор, медицина ғылымдарының докторы, врач-психотерапевт М.А.Асимов, врач психотерапевт, медицина ғылымдарының кандидаты Багиярова Ф.А. (Алматы).
Семинар-тренингтің мақсаты:
• қиын жасөспірімдермен жұмысты ұйымдастырудың міндеттері мен тәсілдерін түсіну;
• жасөспірімге/оқушыға және оның ата-анасына қолдау көрсету мүмкіндігі;
• мектеп психологтарының өз жұмысымен қанағаттануын жоғарылату және «жанып кету синдромның» қаупін төмендету;
• мектепте достық атмосферасын құру;
• қиын жағдайларды шешу үшін команданы ұйымдастыру мүмкіндігі.
Семинар-тренинг талқылау, миға шабуыл, командада жұмыс жасай білу, дағды, біліктілікті көрсету, рөлдік ойындар, нақты жағдайлар мен әрекеттер әдістері бойынша өткізіліп жатыр.
Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орайластырылған «Жаны саудың – жаны сау» Ұлттық бағдарламасы аясында облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен 17-19 қазан аралығында жасөспірімдердің қауіпті мінез-құлықтарының алдын алу мақсатында мектеп психологтарына арналған 3 күндік оқыту семинар-тренингі басталды. Семинардың мақсаты: мектеп психологтарының мінез-құлқы қиын жасөспірімдермен жұмыс жасау тәсілдерін үйрену, ол баланың ата-анасына қолдау көрсету, қиын жағдайда оны шешу үшін топтық жұмыстарды үйлестіру. Әрбір адамның психикалық денсаулығын нығайту, қоршаған ортаға позитивті көзқарасты қалыптастыру.
Оқыту семинар-тренингі дискуссия, миға шабуыл, демонстрациялық тәсілдер, рөлдік ойындар сияқты түрлі әдістерді қолдану арқылы өтуде.Оқыту семинар-тренингін профессор, медицина ғылымдарының докторы, дәрігер-психотерапевт М.А.Асимов және дәрігер психотерапевт, медицина ғылымдарының кандидаты Багиярова Ф.А жүргізуде.