Жарияланды: 29.11.2019

Шешімін тапқан шаруа көп

Шымкент қаласындағы Қаратау ауданы жаңадан құрылған ауданның бірі. Сондықтан да қала әкімінің ұдайы назарында. Аудандағы инфрақұрылым мәселелері біршама шешімін тапқан. Мәселен, аудан аумағында жалпы ұзындығы – 1 110 шақырымды құрайтын – 1 272 көше бар. Оның 481 шақырымы, яғни, 375 көше – асфальт, 518 шақырымы, 751 көше – шағал тас, ал,  110 шақырымы топырақ көшелер, бұл – 146 көше. Жылумен қамтамасыз ету жағы да ойдағыдай деуге болады. 2019 жылы ауданда жалпы 392 көп пәтерлі тұрғын үй болса, оның 315 көп қабатты үйлер орталық жылу жүйесінен, 77  автономды жылу жүйесін тұтынады. Қысқы жылу маусымына көп қабатты үйлерді дайындау жұмыстарын «ОҚО үйлерді басқару» ЖШС, «Алиаскар БАМ Групп» ЖШС, «Шымкент тұрғын үй қызмет» ЖШС, «Қызметкер СК» ЖШС мекемелері тарапынан дайындық жұмыстары атқарылып, қазіргі таңда көп қабатты тұрғын үйлер жылу маусымында жүйелі жылу алып отыр.

814 қаралым