Жарияланды: 29.11.2019

Жастар мәселесін жастар шешеді

«Жастар жылында» Шымкентте жастар мәслихаты құрылғаны белгілі. Жастар әр тоқсан сайын бас қосып өзекті мәселелерді талқылауды күн тәртібіне қойып отыр. Жиында жастар латын әліпбиіне ауысу мәселелері бойынша, денсаулық, кәсіпкерлігін дамыту туралы ұсыныс-пікірлерін ортаға салады.Алдағы уақытта жастар қала депутаттары және басқа да тиісті сала мамандарымен кездесіп тәжірибе алмасуы ұйымдастырмақ. Мәслихат депутаттары қала жастарының өзекті мәселелерін көтеріп, ұсыныстар жолдайтын болады.Нәтижесінде барлық санаттағы жастардың пікірлері ескеріліп, тиісті жұмыстар жүргізіледі.Сондай-ақ, базалық қалыптасқан жастар мәслихатының депутаттары мәслихат сессиясына қатысып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік бағдарламалар мен көрсетілетін қызметтер бойынша жастар арасында ақпараттық – насихаттық шараларды жүргізуге үлес қосуды көздеп отыр. Ең бастысы жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуды кеңінен насихаттамақ. Ол үшін «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын барынша насихаттауды қолға алмақ.

1 135 қаралым