Жарияланды: 29.11.2019

Шымкентте «Менің кәсібім» жобасы басталды

Алматы мен Алматы облысынан кейін табысы аз, көпбалалы отбасыларға және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға және өз ісін ашуға қолдау шараларын көрсетуге бағытталған «Менің кәсібім» жобасы Шымкентте басталады. Аталған жобаны жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен оның тікелей авторы Айжани Нұрланова жүзеге асырады. Жоба авторы мұқтаж азаматтарға үйде кәсібін жүргізуге қажетті инвентарь, құрал-жабдықтар мен материалдарды ұсыну арқылы көрсететін болады. Осындай жоба пилоттық режимде Айжани Нұрланова Маңғыстау облысында сәтті жүзеге асырды, онда 250-ге жуық адам жеке кәсіпкерлікті жүргізудің негізгі дағдыларын үйреніп, жеке ісін ашты. Енді шымкенттіктер де мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көріп, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға үлес қоспақ. Бұдан бұрын хабарланғандай, алдағы уақытта «Менің кәсібім» жобасын жүзеге асыру бойынша меморандумдар барлық өңірлердің әкімдіктерімен жасалатын болады.

845 қаралым