Жарияланды: 29.11.2019

Көше құрылысы жыл соңында аяқталмақ

Шымкенттегі қалаішілік көшелерді жөндеу жұмыстары қарқын алған. Осыдан үш жыл бұрын басталған Малқаров көшесінің құрылысы биылғы жылдың соңына дейін аяқталады деген жоспар бар. «Әлем Транс жол» серіктестігі 2016 жылы қаладағы 28 көшені орташа жөндеу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсын жеңіп алған. Құны 1 млрд. теңгеден астам нысанның 23-і пайдалануға беріліпті. Бұл жолдың ұзындығы 2 шақырымға жуық екіжақтама жолдың ені 15 жаяу жүргінші бөлігі 2,5 метр. Жолдың ортасы абаттандырылып күн сәулесінен қуаттанатын жарықшамдар мен жол белгілері орнатылатын болады. Қуантарлығы осы жаңалықты көптен күткен жерлестеріміз жылдың соңына дейін тақтайдай тегіс жолмен жүретін болады.

811 қаралым