Жарияланды: 29.11.2019

Қала тұрғындарына 3150 дәрігер қызмет көрсетеді

Шымкент қаласындағы Қоғамдық кеңес отырысында осындай мәлімдеме жасаған денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары 103 дәрігер, негізінен жеке сала бойынша жұмыс жасайтынын жариялады. Ал, 7994 орта медициналық қызметкер медициналық көмек көрсетеді.Жыл сайын медициналық мамандардың 30% біліктілігін арттыру бойынша оқыту жоспарланды. Бұл мақсатта 2020 жылы – 208 млн. теңге, 2021 жылы – 222,5 млн. теңге, 2022 жылы – 238,1 млн. теңге бағытталады. Жалпы медициналық кадрлардың оқытуды 3 деңгейде өткізу жоспарлануда: шетелдік, республикалық, жергілікті. Практикалық дағдыларды оқыту симуляциялық орталықтарда жүргізіледі.

783 қаралым