Жарияланды: 29.11.2019

Шымкент: Бизнес және инвестициялар үйі ашылады

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде «Шымкент – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ерасыл Төлебаев мәлімдеді.

Жаңа орталықта бір терезе қағидасы бойынша кәсіпті енді бастаған жандар үшін мемлекеттік және өзге де қызметтер ұсынылады. Ал инвесторларға кеңестер беріліп, қолдау көрсетіледі. Спикердің айтуынша, кедергілерді жою және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ғимаратта бірқатар басқарма мен кәсіпорындар орналастырылады. Жиында Ерасыл Төлебаев «Шымкент –Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің атқарған жұмыстарына да тоқталып өтті.

— Бірінші басшылардың бірінші қабатқа көшуі нәтижесінде тұрғындардың шағымы 50 пайызға төмендеді. Мекемедегі орын алған өзекті жағдайларға бірінші басшы шұғыл араласа алады. Мектептер және емханаларда босаған бөлмелер пайдалануға берілді. Бірінші басшыларға қолжетімділік ұлғайды және олардың азаматтарды күнделікті қабылдауға мүмкіндік берді.

809 қаралым