Жарияланды: 29.11.2019

Мүмкіндігі шектеулі жандардың өз кәсібін ашуына көмек бермек

«Менің кәсібім» республикалық жобасы Шымкент қаласы әкімдігімен, тиісті мекемелермен қаладағы табысы аз, көпбалалы отбасыларға және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға және өз ісін ашуға қолдау шараларын жүргізуде. Яғни, жоба арқылы жоғарыда аталған отбасыларға кәсіп жүргізу үшін түрлі қажетті бұйымдар, техникалар, құрал-жабдықтар тегін үйлестіріліп жатыр. Оларды алуға Шымкенттегі жаны жомарт жандар, кәсіпкерлер мейлінше қол ұшын созуда. Бүгін жоба авторы Айжани Нұрланова, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр және әлеуметтік сала мамандары Достық м/а тұрғыны, бала кезден мүгедек арбасына таңылған Медет Ермековтің шаңырағына барып, түрлі-түсті принтер, ксерокс аппаратын, оларға қажетті құрал-жабдықтарды табыс етті. Медеттің шаңырақ көтергеніне көп уақыт бола қоймаған. Жас жанұя. Арманы — шағын баспахана ашу. «Менің кәсібім» жобасы арқылы табысталған заттар оның арманына жетуіне аз да болса септігін тигізгені Медеттің тебіренісінен, қуанышынан-ақ байқалды. Айта кету керек, аталған жобаның жүзеге тиімді асырылуына ҚР Премьер-Министрі мен облыстар мен қалалар әкімдерінің демеуі орасан зор.
Жалпы, «Менің кәсібім» жобасына Шымкент қаласы бойынша 23 отбасы қатыстырылуда. Бұл бастама мұнымен тоқтап қалмақ емес. Алдағы уақытта ол ауқым алып, өзінің өміршеңдігін көрсетпек.

864 қаралым