Жарияланды: 29.11.2019

Өз ісін ашуға қолдау шараларын көрсетуде

«Менің кәсібім» республикалық жобасы қала тұрғындарына өз үйлерінде кәсібін ашып бастауға үлкен мүмкіндік беруде. Аталған жобаның мақсаты — табысы аз, көпбалалы отбсыларға және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға, өз ісін ашуға қолдау шараларын көрсету. Шымкент қаласы бойынша аталған жобаға 23 отбасы тіркелген. Солардың біреуі Мадина Тайжанова. Ол төрт баланың анасы. 3 перзенті мүгедек. Жобаға қатысқан оның отбасына құны 400 мың теңгелік чикен, гриль аппараты табыс етілді. Мадина күйеуі екеуі бұған дейін көже, самса пісіріп, көше-көшемен жүріп оларды саудалаған. Жобаның арқасында бұл отбасы енді бір жерде тұрып өз кәсіптерін дөңгелетпек.Мадинаның отбасының қуанышын бөлісуге Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр арнайы қатысып, олардың бастап жатқан кәсібіне сәттілік тіледі. Айта кету керек, жобаның авторы Айжани Нұрланова.

848 қаралым