Жарияланды: 30.11.2019

300 жаңа контейнер алынған

«Тазалық денсаулық кепілі». Шымкентке қарасты Абай ауданының әкімі аудан тазалығына көп көңіл бөлуде.  Ауданда тазалықпен айналысатын екі мекеме бар, бірі қатты тұрмыстық қалдық шығарса, енді бірі аула тазалығына жауапты.

Осы мекеменің жұмысшылары бүгін қоқыс алаңдарындағы қордаланған құрылыс қалдықтарын шығарып, істен шықан қоқыс контейнерлерін жөндеумен айналысты, деп хабарлайды «Отырар».Бүгін аудан әкімдігінің мамандары тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді және алдағы уақытта ӘҚБ Кодекісінің 505 бабы бойынша 20 АЕК айып салынатындығын ескертті. Айта кетейік, Абай ауданында 120 қоқыс алаңшасында 400 — ден астам қоқыс құтылары бар.Биылғы жылы аудан әкімдігі қосымша 300 жаңа контейнер алған, тозығы жеткен құтылар кезегімен алмастырылады және бұзылғандары жөнделеді. Ал бүгінгі тазалық шарасына екі мекеменің 5 техникасы мен 50 — ге тарта жұмысшылары жұмылдырылды.

844 қаралым