Жарияланды: 30.11.2019

Жоспарлаған жұмыстар аяқталуға таяу

Биыл Шымкент қалалық әкімдігі 5 көпір, 35 күрделі және 50 орташа жол жөндеу жұмыстарын жоспарлаған болатын. Бүгінгі таңда жоспарлаған жұмыстар аяқталуға таяу..

Осы нысандардың құрлысына қала бюджетінен 8 млрд. теңгеден астам қаражат қаралған. Жалпы Шымкент қаласындағы көшелердің ұзындығы 3 мың шақырымға жуық. Жолдарды жаңғырту оның маңыздылығына байланысты іріктеледі. Айта кетейік, биыл жолдарды орташа жөндеу жұмыстарының ауқымы өткен жылғыдан көп. Алдағы жоспар бойынша 111 шақырым топырақ жолдарға шағал төсеу. Жауын шашында жерлестеріміздің жүріп тұруы жеңілдесе дейді. Солтүстік саяжайда салынып жатқан 2 шақырымдық жол аяқталысымен қоғамдық көлік жүретін болады.

758 қаралым