Шымкент қаласына қарасты Әл Фараби ауданының әкімі Ғабит Патшаханұлы Мәуленқұлов жылуға жауапты мамандарымен, аудандағы жылудың сапасын бақылау мақсатында, көпқабатты тұрғын үйлердегі, әлеуметтік нысандар және мектептердегі жылудың сапасын тексерді. Сонымен қатар, «Спорт» шағынауданы және Есіл көшесінде орналасқан қазандықтарға келіп жатқан жылу нормативтерімен танысып, жылуға жауапты мамандарға алдағы уақытта ауа-райына байланысты жылу деңгейін нормативке сәйкес берілуін бақылауды тапсырды.
Жарияланды: 30.11.2019