Жарияланды: 24.06.2018

Мультимодельді орталықтың көмегі көп

Түркістан облысындағы көлік логистикалық орталығы Қытайдан және Ресейден Қазақстан оңтүстік аймағы үшін тауар тарату қызметін атқарады. Логистиканы ақсарту үшін шекті тұтынушы үшін тауар құнын төмендетеді. Мұнда уақытша сақтау қызметі де қарастырылған. Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының шарапатын көрген жобалардың бірі. Мультимодельді көлік-логистикалық орталықтың құрылысы былтыр аяқталған болатын. Мұнда әр жыл сайын шамамен 1 миллион тонна жүк өткізіледі. Аталмыш орталық — Шығыс-Батыс, Оңтүстік-Солтүстік ағынына қызмет ететін кеден аймағы мен толық сервистік желісі қамтылған заманауи кешен. Мамандардың айтуынша, «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» магистралі мен теміржол желісіне жақын орналасқан «Continental Logitics Shymkent» жаңа көліктік-логистикалық орталығының географиялық тұрғыдан тиімді орналасуында. Бұл өңірді көліктік-логистикалық хаб ретінде қалыптастыруға және Қазақстанның аумағы арқылы айналымды ұлғайтуға күшті серпін беретін жүктерді шоғырландыру және консолидациялау орталығы ретінде дамытуға ықпал етеді. Аймақтың жүк жөнелтушілер үшін артықшылығы Cross Docking мультимодельді қызмет көрсету жүйесін енгізуі. Бұл жүйе қоймалардағы қарапайым жүктерді қоспағанда, әсіресе, үлкен көлемде Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Ресейден жеткізілетін жеміс-көкөніс өнімдері сияқты бұзылатын тауарлар үшін өте маңызды болып табылады. Шымкенттегі аталған КЛО халықаралық және республикалық жүк ағымына қызмет көрсету, сондай-ақ, тауарлардың қала мен өңірлерге таратылуы үшін қойма және ілеспе қызметтер ұсыну мақсатында құрылған

1 094 қаралым