Жарияланды: 30.11.2019

Кәсіпкерлерге микрокредит беру қарастырылған

Шымкентте 28,8 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. Елімізде 2017–2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы 2017 жылы қабылданған болатын. 2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласында 28 мың 853 адам аталған мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. Аталған бағдарлама аясында азаматтардың кейбір санаттары үшін қысқа мерзімді курстар да ұйымдастырылған. Бұл курстардың мақсаты нарықта сұранысқа ие мамандықтар бойынша азаматтарға кәсіптік дағдыны қалыптастыру. Оқу аяқталғаннан кейін азаматтар жұмыспен қамту орталықтарына барып, бағдарлама қатысушысы ретінде жұмысқа орналасу бойынша көмек ала алады. Сонымен қатар, бағдарлама шеңберінде азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту да қарастырылған. Өз кезегінде, бастапқы бизнесті жоспарлау немесе жүзеге асыру, сондай-ақ басқа да бағдарламалар аясында қаржылық қолдау таба алмаған үміткерлерге қайтарымсыз негізде мемлекеттік гранттар беріледі және кәсіпкерлерге микрокредит беру қарастырылған. Сондай-ақ азаматтардың кейбір санаттарын жұмысқа орналастыру үшін мемлекет тарапынан қаржыландырылатын жұмыс орындарын құру да көзделген.

803 қаралым