Жарияланды: 30.11.2019

Білім мен бизнес байланысы артады

Еліміздегі кейбір ірі өндіріс орындарында маман тапшы. Әсіресе компютерлік технология мен қарапайым дәнекерлеушінің өзі жетіспей жатады. Осыған орай М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті өңірдегі бірқатар өндріс орындарының басшыларының басын қосып, дөңлек үстел ұйымдастырды. Онда сұранысқа қажетті маман даярлау ісі сөз болды. Жасыратыны жоқ, елімізде кәсіптік білім беруді көздейтін стандарттарға енді ғана көңіл бөлініп келеді. Осы ретте ірі кәсіпорындар кәсіптік білім беру жүйесіне қыруар қаржы салып, жас мамандарды даярлау ісіне белсене қатысуда. Осылайша аймақ экономикасына қажетті техникалық және кәсіптік білімді мамандарды даярлау мәселесі қолға алынды. Екі жақты келісім негіздінде шәкірттер теорияда алған білімін өндіріс орындарында тәжірибеден өткізеді. Бұл дуалды оқыту жүйесі. Осы орайда «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы барысында қажетті техникалық және кәсіптік білімді мамандарды даярлау мәселесін шешу де қолға алынбақ. Нәтижесінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде түбегейлі реформалар бас­талмақ. Мұқаш Ескендіров , «Казфосфат» ЖШС бас директоры

Бүгінгі басқосудың маңызы өте жоғары. Өйткені, бұған дейін білім мен бизнес арасындағы байланыстарды бекітудің критерийлері қарастырылып келді…

 

shymkenttv.kz

1 032 қаралым