Жарияланды: 24.06.2018

Еңбек өнімділігі жоғары

Түркістан облысына қарасты Мақтарал ауданындағы Мырзакент кентінде орналасқан «Мырзакент» мақта зауыты қарқынды жұмыс атқаруда. «Мырзакент» мақта тазалау зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігнің инвестициялық жобасы өңірлік үйлестіру кеңесінде мақұлданып индустриалды картаға еңгізілген болатын. Аталмыш жоба еліміздегі  индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 2015 жылы іске қосылған. Зауыттың жалпы құны 1 миллиард теңгені құрайды. 120 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Өндіріс ошағында жоғары технологиялық құрал-жабдықтары АҚШ-тың «Люмус Корпорайшн» компаниясынан сатып алынып, монтаждалған. Өндірістік құаттылығы 60 мың тоннаны құрайды. Қолданыстағы мақта зауыттарымен салыстырғанда бұл өндірістің еңбек өнімділігі 30 пайызға жоғары. Атап айтқанда, талшықтың шығуы 30 пайызға артық әрі сапасы жоғары, электр қуатының шығыны 25-30 пайызға үнемделеді және мақтаны өңдеу мерзімі 30 пайызға қысқарған. Жобада пайдаланылған инновациялық технологиялар ТМД елдерінде теңдесі жоқ өндіріс болып табылады. Бүгінде жұмыстарын жүйелеп сапалы өнім өндіріп отырған кәсіпорынның өнімеіне де сұраныс артып отыр. Алдағы уақытта өндіріс орнының қуаттылығын арттырып, жұмыс орындарын көбейтуді көздеп отыр.

1 331 қаралым