Жарияланды: 30.11.2019

Үкіметтік емес ұйымдардың басты мақсаты халықпен тығыз байланыста болу

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Шымкент қаласындағы қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті.

Жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші Қайрат Нұртай, қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева қатысты.

Жиында сөз алған ҚР Президентінің көмекшісі – Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Азаматтық Альянс пен үкіметтік емес ұйымдардың басты мақсаты халықпен тығыз байланыста болу екенін атап өтті. Сондай-ақ жұмыспен қамту, тұрмысын түзеу, жұмысшылардың құқығын қорғау сынды мәселелерді шешуге белсенді атсалысуға шақырды.

Кездесуде билік пен қоғам арасында тұрақты диолог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыру және азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайту мәселелері қаралды.

 

1 009 қаралым