Жарияланды: 24.06.2018

Кәсіпкерлер палатасы көмек қолын созды

Бүгінде жиһаз көп. Шетелден әкелініп жатқаны да, қолдан ұсталар жасап жатқаны да баршылық. Бірақ бағасы тым қымбат. Түркістан қаласындағы индустриалдық аймақта орналасқан «Grand Mix»» жиhаз фабрикасы  бүгіндн өрісін кеңейтіп, қанатын қарыштатып дамып келеді. Әу баста үйден ашылған цехты алып фабрикаға айналады деп ешкім де ойламаған еді. Бастысы сапаға мән беретін мамандар ақыры осындай үлкен кәсіпорын ашуға қол жеткізді. Индустриалдық инновациялық даму бағдарламасының шарапатын көрген іргелі кәсіпорындардың бірі. Кейіннен мемлекеттен қолдау алып, өрісін кеңейтті. Түркістан қаласындағы индустриялық аймақта орналасқан бұл кәсіпорын қазіргі таңда 100-ден аса адамды жұмыспен қамтуда. Өндіріс көлемі артқан мекемеде білікті маман тапшылығы сезіліп,  Палата сарапшыларының қолдауымен шет елден маман да шақырылды. Әу баста аталмыш жиhаз фабрикасы қажетті құрылғылар алу үшін несие алуға өз бетінше кіріседі. Банк қызметкерлері қомақты қаржыны берместен, кәсіпорынның кепілі жеткіліксіз деген негізге сүйеніп, несие беруден бас тартқан. Осылайша еңсесі түскен кәсіпорын басшылығы облыстық кәсіпкерлер палатасына жүгінеді. Кәсіпкерлер палатасы жобаны сүйемелдеуді өз қолына алады. Қажетті құжаттарды рәсімдеп, бизнес жоспар құрып, банктің басшылығымен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 200 млн. теңге көлемінде несиеге қол жеткізілді. Қазір рухани шаһардың жетекші кәсіпорны өнім сапасын арттырып, тұтынушы таңдауын ұлғайтуда. Бағасы арзан, сапасы жоғары жиһаз шығаратын кәсіпорын өндіріс көлемін екі есеге арттырып отыр. Сұраныс көбейген. Компания өз жиһаздарын еліміздің барлық аймағына шығарып та үлгерді.

1 263 қаралым