Жарияланды: 27.06.2018

Өндірістік үдерісі жоғары

Түркістан облысындағы ең ірі «Оңтүстік» индустриалды аймағында жүзеге асқан жобалар көп. Алда жоспарланғаны одан да көп. Мұндағы қайнап жатқан жұмыс барысымен танысуға арнайы келетін тиісті сала мамандары баршылық. «Оңтүстік» индустриалды аймағындағы ең ірі инвестициялық жобалары — «ShymkentTemir»  және  «SinYuanSteel» металлургия зауыттардың құрылысы қарқынды. Мұндағы құрылыс жағдайы, өндірістік үдерісі мен зауыттардың жоспарланған даму ауқымы жоғары.  «ShymkentTemir» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі оңтүстік өңірінде 40-тонналық индукциялық пештер және дайындамаларды үздіксіз құю машиналарды (ДҮҚМ) қолдана отырып болат блюм шығаратын бірінші қазақстандық зауыт болып табылады. «Оңтүстік» индустриалды аймақта орналасқан. Жалпы аумағы — 17 гектар, жобаның құны – 5,94 миллиард теңгені құрайды. Аталған серіктестікте алдағы уақытта 590 тұрақты жұмыс орны құрылатын болады. «SinYuanSteel» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі металпрокат (арматура, илемдік, бұрыш, швеллер, шыбық, квадрат, ленталық болат) өндіретін металлургия зауыты. Инвесторы Қытай елі болып табылады. «Оңтүстік» индустриалды аймақта орналасқан. Жалпы аумағы — 10,5 гектар, жобаның құны –13 миллиард теңгені құрайды.  256 тұрақты жұмыс орны құрылатын болады.

1 419 қаралым