Жарияланды: 27.06.2018

Облыс қана емес, ел экономикасына серпін беруде

ҚР индустриалды-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасы Түркістан облысында жемісті жүзеге асырылуда.  Бүгінде аталмыш бағдарлама аясында ашылған жобалар облыс қана емес, ел экономикасын ұлғайтуға септігін тигізуде. Түркістан облысының индустриалдық аймақтарында 180,0 миллиард теңгені құрайтын 175 жоба іске қосылып, 10 мыңға жуық жұмыс орнын ашып отыр. Бүгінгі күні ол 175 жобаның ішінде 42,0 миллиард теңгені құрайтын 76 жобасы — 4 517 жұмыс орнын ашып отыр. 2010 жылдан бері индустриалдық аймақтың өндірген өнімінің жалпы соммасы 111,7 миллиард теңгені құрайды. Сонымен қатар, 2010 жылдан бастап, индустриалдық аймақтың қатысушыларының басқа төлемі мен салық түріндегі бюджетке аударымы 8,7 миллиард теңгені құрайды. 2017 жылы 7,8 миллиард теңгені құрайтын 10 инвестициялық жоба іске қосылып, 403 жұмыс орны ашылды. Былтырғы жылы ашылған жобалардың басым бөлігі жемісті де жеңісті жұмыс атқаруда. Олардың ең негізгілері  «Оңтүстік» индустриалдық аймағындағы  «Бумпром» ЖШС Картон өндірісі, «ДезФумекс» ЖШС Асфальтбетон зауыты ,»High Industrial Lubricants & Liquids (HILL) Corporatıon» ЖШС Майлау материалдары өндірісі , «Атамбаева Д.» ЖК Темір-бетон бұйымдарының цехының құрылысы .

 

1 393 қаралым