Жарияланды: 01.07.2018

Көрме жәрмеңке өтті — 2

«Көрме» орталығында Астананың 20 жылдығына орай «ӨҢІРЛІК өнімдер-2018» үздік тауарлардың көрме-жәрмеңкесі өтті. Оған  Түркістан облысында кәсібін дөңгелетіп отырған 200-ден аса кәсіпорын қатысты. Көрмеге әсіресе облыста индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жобалар яғни, кәсіпорындар көптеп қатысты. Олардың өндіріп отырған өнімдері бүгінде кең сұраныстқа ие болған. Сапалы тауарлар. Іс-шараның барысында облыс және қала әкімдері «Ордабасы құс» ЖШС-гі мен «Karlskrona LC AB» ЖШС-не өнім және кызмет көрсету саласындағы жетістігі үшін ТМД сыйлығын табыстады. Бұдан бөлек шарада «Қазақстанның үздік тауары» атты байқау-көрмесі өтіп, жеңімпаздар марапатталатын болады. Конкурсқа кәсібін жаңа бастаған және танымал отандық тауар өндірушілер қатысуда, олардың арасында «Мадлен», «Ордабасы құс», «ВизИТ»,  «Рауан», «Алтын дән», «ШФ Гаухар», «Барыс-2007», «Амангелді», «Карлскрона», «Зерде керамика», КТЗ, «Бал текстиль», «Назар текстиль», «Azala», «Планта», «Айкан» және т.б. кәсіпорындар бар. Өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі критерийлерімен бағалайтын тәуелсіз сарапшылар үш номинация бойынша қатысушыларды іріктейді.

 

1 153 қаралым