Жарияланды: 08.12.2019

Тұрғындарға тарифтердің өсуін тежеу бойынша жұмыстар атқарылды

Табиғи монополия заңдылықтарына сәйкес базалық табиғи монополия субъектілеріне тарифтердің шекті (ұзақ мерзімдік, инвестициялық) деңгейлері 5 және одан да жоғары жылдарға бекітілген. Осылайша, бекітілген тарифтердің шекті деңгейлері бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарынан тарифтердің өсуі:

          — сумен жабдықтау қызметі бойынша орташа есеппен 20,7 %;

          — сарқынды суларды бұру қызметі бойынша (канализация) орташа есеппен 24,4%;

          — жылумен жабдықтау қызметі бойынша орташа есеппен 16,2% болған.

          Тұрғындар үшін тарифтердің күрт өсуіне жол бермеу мақсатында Шымкент қаласының әкімдігімен және табиғи монополия субъектілерімен бірлесе отырып, тұрғындарға тарифтердің өсуін тежеу бойынша жұмыстар атқарылды. Жүргізілген жұмыстарың қорытындысымен ТМС өз еркілерімен тұрғындар үшін тарифтерді төмендету туралы және 2019 жылдың деңгейінде қалдыруға шешімдерін қабылдады, яғни 2020 жылы сумен жабдықтау, сарқынды суларды бұру, жылумен жабдықтау қызметтеріне тұрғындар үшін тарифтер көтерілмейді және қолданыстағы деңгейде қалдырылады.

          2020 жылы тарифтердің өсуіне жол бермей, тұрғындардың қаржысын үнемдеу 2,32 млрд.теңге («Су ресурстары-Маркетинг» — 1,57 млрд.тг.,  «Қуатжылуорталық-3» МКК – 190,0 млн.тг., «3-Энергоорталық» — 303,3 млн.тг., «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК –145,73 млн.тг.,  «ҚазТрансГаз Аймақ» ШӨБ – 112,3 млн.тг. және басқалар ) болады.

947 қаралым