Жарияланды: 08.12.2019

Қала тұрғындарының қаржысын үнемдеу мақсатында…

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті  Шымкент қаласы бойынша  департаменті құрылған сәттен бастап (2018 жылдан бастап) 585 арыз-шағым, оның 132 – арыз-шағым қаралау реті бойынша өзге органдарға жіберілді, 241 – шағым бойынша түсіндірме жолданып, 212 — арыз бойынша  36 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның ішінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ШӨФ — 15, «Қуатжылуорталық-3» МКК – 8, «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС — 4, «3-Энергоорталық» АҚ — 4, тексерулер нәтижесі бойынша 53 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 106 млн. теңгеден астам айыппұл салынды (41,2 млн. теңге өндірілді).Заңнаманы бұзушылықтарды тез арада жою туралы 35 нұсқама шығарылып, тұтынушылардан негізсіз алынған 286,6  млн.тенге қайтарылды (газбен жабдықтау – 251,6 млн.тенге, жылу энергиясы бойынша – 34,7 млн.тенге, кірме жолдар бойынша – 331,5 мың тенге). Тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Шымкент қаласының әкімдігімен және табиғи монополия субъектілерімен бірлесе отырып, тұрғындарға тарифтердің өсуін тежеу бойынша жұмыстар атқарылды.

 

 Тарифтерді реттеу бойынша Департаментпен тұрғындардың қаржыларының үнемделуі  7 млрд. теңге көлемінде, сонымен бірге негізсіз алынған кірістерді қайтару бойынша 286,6 млн.тг қамтамасыз етілді, 210 мың абоненттің немесе 1 млн. адамның құқықтары қорғалды.

1 002 қаралым