«Shymkent City» тұрғын алабындағы коммуналды мәселелер бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың барысы бүгінде Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың назарында тұр. Жуырда ғана әкім аталған шағынауданда болып, инфрақұрылым жұмыстарымен танысқан болатын.
Берілген тапсырманың нәтижесінде жауапты сала мамандары екі күнде №9, 10 үйлерге жылы су берілсе, 732 пәтерлі 12 көп қабатты үйге жылу берілді. Мамандар әр пәтерді аралап, жылудың толықтай қосылуын бақылауда.
Сонымен қатар, тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында «ҚазТрансГаз Аймақ» ЖШС-не тиісті текникалық құжаттар рәсімделуде.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі