Жарияланды: 21.01.2020

Шымкентке жаңа әкім тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары мегаполиске әкім болып тағайындалды.

Өткен жылдың 27 желтоқсан айында Мұрат Әйтенов Ерлан Айтахановтың бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын. Мұрат Әйтенов күнгейдің тумасы. 1981 жылы 30 қазан айында дүниеге келген. С.М. Штеменко атындағы Краснодар әсікери институтының түлегі.

Еңбек жолын Астана қаласында 2004 жылы ҚР Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.

2006-2008 ж. – ҚР ПІБ «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі. 2008-2010 ж. – ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы. 2010-2012 ж. – ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2012-2013 ж. – ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі. 2013-2016 ж. — ҚР Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы.

2016-2019 жылдың желтоқсанына дейін — Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары қызметін атқарса, 2019 жылдың желтоқсанынан бастап бүгінге дейін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болған.

902 қаралым