Жарияланды: 02.07.2018

Индустриалды аймақтардан түскен табыс толағай

2018 жылдың  I тоқсанында Түркістан  облыстағы шағын  кәсіпорындар  қызметінің өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен табыс  228314,9 млн. теңгені құрады. Облыстағы шағын кәсіпорындардың өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден жиынтық табысы: көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуде (98694,1 млн. теңгені немесе 43,2%); қаржы және сақтандыру қызметінде (50454,8 млн. теңгені немесе 22,1%); өнеркәсіпте (41228,5 млн. теңгені немесе 18,1%), және бұдан өзге құрылыста  (11383,0 млн. теңгені немесе 5,0%); ауыл, орман және балық шаруашылығында (6132,9 млн. теңгені немесе 2,7%); көлік және қоймалауда (4652,3 млн. теңгені немесе 2,0%); әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет (3465,9 млн. теңгені немесе 1,5%);  жылжамайтын мүлікпен жасалатын операциялардан (3123,9 млн. теңгені немесе 1,4%); кәсіби, ғылыми және техникалық қызметінде (2925,5 млн. теңгені немесе 1,3%); өнер, ойын-сауық және демалысында (2584,6 млн.теңге немесе 1,1%) құрады. 2018 жылдың  I тоқсанында облыстағы  индустриалдық аймақтарда өнім өндіріп отырған ірі кәсіпорындардың өндірілген өнім көлемі 92691,9 млн. теңгені құрады. (Яғни, индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған кәсіпорындардың тапқан табысы толағай болып отыр). Облыс бойынша шағын кәсіпорындар қызметінің сальдоланған қаржылық нәтижесі 2018 жылдың  I тоқсанында  табыс болып анықталып, 10462,6 млн. теңгені құрады.

1 239 қаралым