Жарияланды: 04.03.2020

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІН ТЫҢДАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Nur Otan» партиясы қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауда тұрғындар көтерген негізгі мәселелердің біразы әлеуметтік қолдау шараларын тағайындау мен білім саласының жайын жақсарту және тұрғын үй бағдарламаларына қатысты болды.

Мұрат Дүйсенбекұлы тұрғындарды толғандыратын мәселелер мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, азаматтардың өтініштері қолданыстағы заңнамаға қаралатынын айтты.

Қала әкімі, сонымен қатар, азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмек пен тұрғын үй бағдарламаларына қатысудың мән-жайын түсіндірді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

939 қаралым