Жарияланды: 06.07.2018

Мал бордақылайтын ірі кешен салынуда

Түркістан облысы Сайрам ауданында бір мезетте 10 мың ірі қараны бордақылайтын кешен салынуда, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. «Нұрым Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал бордақылау кешенінде қосымша құрама жем шығаратын цех және мал сою алаңы да қарастырылған. Ауданға арнайы сапармен барған облыс әкімі Ж.Түймебаев аталған нысанға аялдап, серіктестіктің алдағы жұмыс жоспарымен танысты. Сайрам ауданының ауыл шаруашылығы саласы негізінен мал шаруашылығы мен көкөніс өсіруге бағытталғанын айтқан аймақ басшысы бұл кешен іске қосылса, елдегі ет экспорты артатынын атап өтті. «Аудандағы ауыл шаруашылығы саласында жыл басынан бері өндірілген өнім көлемі 15 млрд. теңгеден асқан. Ал, осы уақыт ішінде 11 мың тонна шамасында ет, 51 мың тонна сүт, 7 млн. дана жұмыртқа өндірілген. Құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан кешен аудандағы ең ірі мал бордақылау алаңының бірі болып отыр. Осы қарқынмен жұмысты жалғастыра отырып, өңдеу өнеркәсібіне көңіл бөліп, малды тірідей сатудан бөлек оның етін терең өңдеп сату мәселесін де қолға алу қажет», – деді облыс әкімі. Құрама жем шығаратын цех инновациялық әдіспен һнім өндірмек. Бұл өңіріміздегі инновациялық даму бағытына қосылған бір үлес болмақ.

1 052 қаралым