Жарияланды: 13.03.2020

Шымкентте биыл 4 мың азаматты кәсіптік оқумен қамту жоспарлануда

 

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы биылғы жылы 4000-нан астам азаматты оқуға жолдауды жоспарлап отыр.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту топтардың жинақталуына қарай жүзеге асырылады. Қатысушылар қалалық жұмыспен қамту орталығына келіп, тиісті Заңнамаға сәйкес төмендегі құжаттарды тапсыруы қажет:

1. Жеке басын куәландыратын құжаттың;
2. Еңбек кітапшасының (болған жағдайда);
3. Білім туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом, сертификат) көшірмелері;
4. №907 бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының №086-У нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманың көшірмелері қатысушылардың құрамына қосу туралы шешім қабылданғаннан кейін қосымша ұсынылады (көшірме).

Оқу мерзімі 3 ай (1 ай теория, 2 ай тәжірибе), оқуға жолданған азаматтарға ай сайын 16 759 тг шәкіртақы қарастырылған.
2020 жылы сәуір айында 1000-ға тарта азаматты оқуға жолдау жоспарлануда.

938 қаралым