Жарияланды: 22.03.2020

Шымкент қаласының бас мемлекеттік-санитариялық дәрігері қаулы шығарды

ҚАУЛЫ

 

Шымкент қаласы

  ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

город Шымкент

                                                                                                                                                                                                          19 наурыз 2020ж.                                                          №3

Санитариялық індетке

қарсы және санитариялық —

профилактикалық іс-шараларды

жүргізу туралы

 

Мен, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Төлебаев Әбдіманап Қошкарұлы, Қазақстан Республикасының Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығы негізінде, Шымкент қаласының тұрғындарының өмірін және денсаулығын қорғау, коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Шымкент қаласының аудан әкімдеріне, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына, Шымкент қаласының полиция департаментіне, үкіметтік емес ұйымдардың, адамдар көп жиналатын кәсіпкерлік субъектілерінің басшыларына:
1.1 Тойхана, түнгі клубтар, кальян, караоке, компьютер клубтары, спорттық-сауықтыру кешендері, соның ішінде фитнес орталықтары, тренажер залдары, бассейндер, монша кешендері, балалар ойын алаңшалары, мектептен тыс қосымша білім беру нысандары(аула клубтары, секциялары және т.б.), және басқа адамдардың көп жиналатын орындарының жұмысы тоқтатылсын;
1.2. Сауда орындарының, жұмыстарына шектеу енгізіп, санитариялық-дезинфекциялық режимдік шараларын күшейту (қолды өңдеу үшін санитайзерлер, беткейлерді күніне екі рет өңдеу, дезинфекциялық заттарды қолдана отырып ылғалды тазалау жұмыстары, бөлмелерді желдету), адамдардың көп жиналатын және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде (сауда-ойын орталықтары, базарлар, ХҚКО, діни мақсаттағы нысандар, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету (әсемдік салоны, ателье, қонақ үйлер және басқалар) денсаулық сақтау, оның ішінде дәріханалар және білім беру объектілерінде.
2. Шымкент қаласының аудан әкімдеріне, Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына:
2.1. Әр рейстен кейін қоғамдық автокөліктің және қалааралық мақсатағы автокөліктерге, қоғамдық автокөлік аялдамаларына дезинфекциялық заттарды қолдану арқылы жуу жұмыстары жүргізілсін (күніне екі реттен кем емес);
2.2. Қызметкерлерді, соның ішінде автокөлік жүргізушілерін қолды өңдеу антисептиктерімен, бетперделермен және арнайы киімдермен қамтамасыз етілсін.
3. Шымкент қаласының аудан әкімдеріне, Шымкент қаласының полиция департаментінің басшысына, Шымкент қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқарма басшыларына:
3.1. Объектілерде, оның ішінде халық көп жиналатын орындарда санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
3.2. Жеке гигиенаны сақтауға (жуу және антисептикалық құралдарды пайдалану), үй карантинін сақтауға (өзін-өзі оқшаулау) және ауру белгілері пайда болған жағдайда медициналық көмекке уақтылы қаралуы қажеттілігіне баса назар аудара отырып, коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын күшейту;
3.3. Коронавирус инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша хабардар етуді қамтамасыз ету, халық арасында үрейленудің алдын алу жөнінде шаралар қабылдау;
3.4. Қаулының орындалуы бойынша жергілікті және аумақтық мемлекеттік органдармен іс-шаралар жүргізу.
4. Төтенше жағдай режимінде, Қаулының талаптарының орындалмауы анықталған кезде жауапты тұлғаның тәртіптік жауапкершілігін қарау, әкімшілік және қылмыстық іс қозғау, шаралары қолданылсын.
5. Осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне күн сайын сағат 16-00 ге ұсынылсын.
6. Осы Қаулы барлық мүдделі салаларға жеткізілсін, тұрғындар БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы ақпараттандырылсын.
7. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
8. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және төтенше жағдайлардың бітуіне дейін күшінде болады.

А.Төлебаев
Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері

939 қаралым