Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Әл-Фараби ауданы әкімі Ғ.П.Мәуленқұлов, аудан аумағында санитариялық-эпидемияға қарсы және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың орындалуы бойынша БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.
Брифингте аудан әкімі санитариялық-эпидемияға қарсы және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құзырлы мекемелердің қызметкерлерінен 4 арнайы жұмысшы топ (мобильный) құрылғандығын және Шымкент қаласы бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А.Тулебаевтың 2020 жылғы 27 наурыздағы №6 қаулысы сәйкес, түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында аудан аумағында 45 кәсіпкерлік өз еркімен жабылып, ал шектеулерді орындамағаны үшін аудан аумағындағы 175 ҚР ӘҚБ кодекстің 476-бабына сәйкес, хаттамалар толтырылғандығын мәлімдеді.
Сонымен қатар, аудан аумағында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй, 2244 кіреберіс алаңдары және 400 ойын алаңдарын 14 сервистік кызмет көрсетуші мекемелер тарапынан, ал қатты тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған 192 қоқыс алаңшасына қызмет көрсетуші «ОрионНовТех» ЖШС-і және «ЭкоСпецТранс» ЖШС-і мекемелері тарапынан залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын жеткізді.
Сондай ақ, қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан қаланың 125 көшелерін ұзындығы 280 шақырымында залалсыздандыру жұмыстарын атқаруға 20 дана техника 20 адам және 213 аялдамалар мен урналарды залалсыздандыруға 12 техника 35 адам жұмылдырылып, залалсыздандыру жұмыстары атқарылуда.
Аудан аумағында 13 саябақ, 18 гүлзар, 17 ескерткіш және 11 субұрқақтар «№35/748 әскери бөлімнің» әскери қызметшілерімен заласыздандырылып, қазіргі таңда барлық нысандар толық жабылғандығын мәлімдеді.