Жарияланды: 31.03.2020

Әлеуметтік қолдауға алғысын білдірді

Бүгінде Шымкент қаласының әлеуметтік дамуы үшін атқарылып жатқан шаруалар шаш етектен. Қала тұрғындарының әлеуетін арттыру мақсатында әкімдік тарапынан игі істер қолға алынған. Мемлекет тарапынан беріліп жатқан кепілдендірілген әлеуметтік пакетке қол жеткізген қала тұрғыны алғысын білдірді. Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданындағы «Бозарық» елді-мекенінің тұрғыны, жеті баланың анасы  Ақмарал Жүнісова басқарма қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. «Мен былтыр мамыр айында атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсырдым. Ол кезде ғимараттарыңызда адам көп еді. Кезек өте тығыз еді. Алдымда кемі екі жүз адам тұратын. Әйтеуір құжаттарымды өткізіп, бірнеше уақыт күттім. Нәтижесінде атаулы әлеуметтік аласыз деген жауап алдым. Алған ақшалай көмегімді отбасыма жараттым. Үйде кішігірім кәсіп жасадым. Балаларға арналған киім тігіп, түрлі тәттілеп дайындап, шағын кәсібімді жүргіздім.Мен жеті баланы өмірге әкелдім. Мемлекеттің көпбалалыларға беріп жатқан жәрдемақысын алып отырмын. Биыл қаңтар айында жаңа түрдегі атаулы әлеуметтік көмекке өтініш бердім. Маған тағайындалыпты. Бүгін «Магнумг»е барып, кепілдендірілген әлеуметтік пакетті алдым. Қуаныштымын. Алған көмегіміз балаларымыздың несібесі ғой. Қуанышқа тағы бір қуаныш қосылды. 8 наурыз мерекеге орай Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов мерекемізбен құттықтады. Ең бастысы осы елдің азаматымын. Шымкент қаласының тұрғынымын. Қайырымды қаланың батыр анасымын. Осыған қуаныштымын. Күні-түні елге қызмет етіп жатқан барша адамдарға, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевқа, Шымкент қаласының әкімдігіне, М. Әйтеновке, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлеріне, басшылығына, ауданымыз Қаратаудың әкімі мен әкімдік қызметкерлеріне алғыс айтамын. Қуаныштымын. Алла разы болсын!» дейді Ақмарал Жүнісова.

Бақдәулет Таңбай

859 қаралым