Жарияланды: 31.03.2020

Жаңа саябақ жанға сая

Үшінші мегаполисте жыл жылжыған сайын саябақтар қатары артып келеді. Халықтың игілігіне айналған демалыс орындарын қатарын толықтырған  саялы саябақтың айналасы бүгінде көгалдандырып, гүл отырғызылған. Шымкент қаласына қарасты Әл Фараби ауданындағы Спорт шағынауданы А.Байтұрсынов көшесі бойындағы саябақ былтыр жыл соңында пайдалануға берілген болатын. 100 күнде салынып біткен саялы мекенде ыңғайлы орындықтар, қала тазалығы үшін кішігірім қоқыс жәшіктері орнатылған. Ал ортасында субұрқақ орналасқан. Мегаполис қаладағы шағынаудандар мен елдімекендердің абаттандыру, көріктендіру жұмыстарына басымдылық беріледі. Алдағы уақытта осындай 4 саябақ  салынатын болады. Осындай көрікті орындарды сақтау, күтіп ұстауға қала тұрғындары жауапкершілікпен қарайды деген сенім басым. Демалыс орнында жаңа субұрқақ бой көтерді. Аталған жұмыстарға қала бюджетінен 49 млн. теңге бөлінген. Ашылу салтанатында отырғызылған ағаштар бүгінде көкке көк тіреп, жайқалып тұр. Тазалықтшылар саялы саябақтың таза әрі көрікті болуы үшін жұмыла жұмыс атқаруда.

1 452 қаралым