Жарияланды: 07.07.2018

Жұмысшылардың жалақысын көтерді

«Shymkent Temir» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Түркістан облысы бойынша алғашқылардың бірі болып жұмысшыларының жалақысын көтерген қаладағы алғашқы кəсіпорын. Мекеменің бірінші жетекшісі Руслан Омаров бүгінде мұнда  жұмысшыларға барынша жағдай жасалып отырғандығын жеткізді. Қазіргі таңда зауытта 500-ден астам адам жұмыс істейді. Олардың 80 пайызы- жергілікті тұрғындар. Бірінші қыркүйектен бастап олар бұрынғы жалақыдан 30 пайыз көп алатын болады. «Shymkent Temir» ЖШС зауыты — болат блюм шығаратын қазақстандық кəсіпорын. Мұнда жартылай дайын өнімдер 40 тонналық индукциялық пештерде, болатты пештен тыс өңдеу құрылғысында жəне үш ағынды үздіксіз құю машиналарында құйылады. Жоба Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бүгінгі нарыққа сай өнім өндіруде. Зауыт өніміне сұраныс көп. Алдағы уақытта өндіріс қуатын арттыру жоспарда бар. Сондай-ақ, ең бірінші кезекте мұндағы еңбеккерлерге қолайлы жағдай жасауға барынша көңіл бөлінеді. Сол себепті де олардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында жалақылары көтеріліп отыр. Кәсіпорын нарықтағы өз орнын тауып, табысы еселенген сайын жұмысшылардың жалақылары да көбейетін болады.

 

1 276 қаралым