Жарияланды: 07.07.2018

Қазыны нарыққа шығарды

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданының кәсіпкерлері қазыны нарыққа шығаруда. Еліміздің ірі қалалары мен шет елге тауар экспорттайтын кәсіпорын өнімге қажетті ірі қараны өздері бордақылайды. Жылдан жылға шұжық өнімдерінің түрін көбейтіп отыр. Ауданға іс сапармен барған аймақ басшысы 60 — тан аса шұжық түрлерін өндіріп отырған кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысты. Жуырда пісірілген қазы мен жылқы етінің түрлі орамаларын нарыққа шығаруды қолға алған кәсіпкерлердің ісі тәнті етті. Инновациялық әдіспен өндірілетін қазыға деген сұраныс та жоғары. Кәсіпорынның ерекшелігі сол, өнімге қажетті ірі қараны өздері бордақылайды. Жансейіт Түймебаев, Түркістан облысының әкімі: «Бәрі пісірілген дайын өнімдер. Жұмысбастылар үшін таптырмайтын тағамдар. Керемет. Қазығұрт ауданында осындай тауарлар сатылуда». Тәулігіне 1,5 тонна шұжық өндіретін Қызылқиядағы серіктестікте 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл көрсеткіш маусым кезінде еселене түседі. Былтыр кәсіпкерлер 3 млрд. теңгеге жуық табыс тауып, бюджетке қомақты салық түсіріпті. Нұрмахан Әбдібав, серіктестік директорының орынбасары: «Ысталған, жартылай ысталған, пісірілген өнімдер сондай-ақ, ұлттық тағамдар — қазы, жылқының етінен жасалған өнімдер де шығарып жатырмыз. Тапысырыстар түсіп жатыр». Нарықта өз орнын ойып тұрып алған серіктестік тауарларының қатары жылдан-жылға көбейіп келеді. Қазір осында өндірілген шұжық өнімдері Астана, Алматы, Шымкент қалаларымен қоса Ресей еліне де жөнелтілуде. Кәсіпкерлер айына 5 мың тоннаның тауарын экспорттауда.

Мақпал Рысбаева

 

1 126 қаралым