Жарияланды: 02.04.2020

Өзге өңірлерде кездеспейтін алып бақ

Шымкенттегі Дендросаябақ өзге өңірлерде кездеспейтін алып бақ. Бұл тек қана саябақ емес, ғылыми орталық. Мұнда әлемнің көптеген елдерінен әкелінген ағаш көшеттерін жергілікті өніммен будандастырып, ғылыми зерттеулер жасайтын кәсіпорын бар. Демалыс, таза ауамен тыныстау және керемет фотосессиялар жасау үшін таптырмайтын орын. 120,52 гектар аумаққа орналасқан саябақта әлемнің әртүрлі географиялық аймақтарының флорасын білдіретін шөпті өсімдіктердің, ағаш және бұта тұқымдылардың 600-ден астам түрі өседі. Қазіргі уақытта саябақта велосипед және ат жолдары, субұрқақтар, «Махаббат патшалығы» сарқырамасы, жаңа қоныстарда елік, бұғы, павлин,  көлде дөңмаңдай шабақтары, қаз, үйрек, аққулар бар. Аумағы атшаптырып алып дендросаябақтың күтімі де оңай емес. Таңертеңімен жүргіншілер жолын тазалықшылар сыпырып, тап тұйнақтай етеді.

916 қаралым