Жарияланды: 02.04.2020

Жасыл көгал… жұмақ мекен…

Шымкенттегі бұрынғы «Көл» аялдамасының маңы жабайы базар болатын бұрын. Үлкен аумаққа жайылып кеткен базар көшіріліп орнына «Шәмші әлемі» саябағы ашылды. Ән падишасы, бірутар сазгері Шәмші Қалдаяқұлының ескерткіші қойылып, алып сахна салынды. Бұл гүлзарда әсем субұрқақ орналасқан. Аппақ аққайың да, иісі жұпар аңқыған сан алуан раушан гүлдер де осы саябақ аумағында. Жасыл көгал нағыз жұмақ мекенді елестетеді. Саябақ әкімшісі Жазира Мамырзақызы: «Қазіргі таңда тал дарақтардың түбін әктеу, қопсыту жұмыстары жүргізілді. Жаңадан раушангүлдер отырғызылды. Саябақтың тазалығына жауапты жұмысшылар қазір қауырт кестеде жұмыс жасауда» дейді. Шәмші гүлзарының қасында «Неке сарайы» тұр. Салтанат сарайы 2010 жылдың күзінде ресми түрде ашылды. Осыған орай өткен салтанатты шараға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келіп, осы күні үйлену тойларын өткізіп жатқан жас жұбайларға сыйлығын тару етті. Қалада бұрын-соңды болмаған Неке сарайын «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» жобасы аясында «Береке-А» корпорациясы салды. Жеке кәсіпкер бұл құрылысқа 240 миллион теңге жұмсалған.

1 183 қаралым