Жарияланды: 02.04.2020

Ордабасы алаңында жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Бұл туралы Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады. Шымкент қаласының көлік инфрақұрылым қызметін қамтамасыз ету мақсатында «Ордабасы» алаңында орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Жолаушыларға арналған аяқжолдар жөнделіп қалыпқа келтірілетін болады. Арнайы арық-атыздар орнатылып, жаңбыр суының ағып кетуіне жағдай жасалмақ.

 

754 қаралым