Жарияланды: 02.04.2020

Қоқыс жәшігі жаңа кейіпте

Шырайлы Шымкент қаласының көшелерінен ескі қоқыс жәшіктері көзге шалынбайды. Әрине, қоқыс тастайтын алаңшалар түбімен жойылған жоқ, тек, қоршауы өзгерді. Қала басшылығы бұл алаңшаларды көркемделген шыны қабырғалармен қоршап тастауды ұйғарыпты. Алғашқы жаңалықты жергілікті билік Д. Қонаев даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қилысынан бастаған болатын. Мұндағы қатты тұрмыстық қалдық тасталатын алаңшаның бар екенін байқау қиын. Ол жәшіктер әсем қабырғалармен қоршалып, қоқыс шашылмайтындай етіп бекітілген. Қабырғаларға Шымкентің жаңа логотипі қызғалтдақтың сескіндемесі салынған. Әл Фараби ауданы бойынша 185 жерде қоқыс алаңшасы бар. Бюджеттен бөлінген 60 млн. теңгеге олар жаңартылып, 76 млн. теңгеге жаңа жәшіктер орнатылыпты. Енді қаланың орталық көшелеріндегі алаңшалар жаңа үлгіде жасалады. Алғашқы пилоттық жоба демеушінің көмегімен іске асқан. Осы жаңалықты енгізудегі басты мақсат тұрғындарды тазалықа көңіл бөлуге шақыру дейді жауапты мамандар. Әзірге алғашқы бастама көпшіліктен қолдау тауып отыр.

1 006 қаралым