Жарияланды: 02.04.2020

Канал арнасын тазартуды қолға алған

Шымкент қаласын қақ жарып өтетін каналдар саны 19 –ды құрайды. Каналдарды қоқыстан тазарту «ЛТД Тұрмыс» мекемесінің мойнында. Ирригация саласының мамандары арнайы кесте түзіп, әр апта сайын канал арнасын тазартуды қолға алған. Осылайша, шелектеп жауатын жауыннан келер қауіптің алдын алмақ. Қошқар ата өзені мен Қарасу каналдарынан ағатын су деңгейін реттеу «ЛТД Тұрмыс» мекемесіне жүктелген. Бүгінде Қошқар ата өзенінен секундына 4 текше метр су ақса, соның 1,5 текше метрі — Қарасуға тиісілі. Су деңгейін реттеу жылдың төрт мезгілінде де маңызды дейді мамандар. Көктем мен күзде судың тасуын, ал жазда тапшылығын болдырмайды. Каналдардағы су деңгейін реттеу мен арнасын қордаланған қоқыстардан тазарту — ирригация саласы мамандарының міндеті. Құрамында 20 жұмысшы мен екі техникасы бар бригада Қарасудан кейін Шымкент және Жаңашек каналдарын реттеуге кіріседі

1 011 қаралым