Жарияланды: 03.04.2020

Қордаланған қоқыстан тазартуда

SAMSUNG CSC

Қала орталығын қиып өтетін каналдарды тазарту жұмыстары басталды. “ЛТД Тұрмыс” мекемесінің мамандары канал ішіне арнайы техника түсіріп, қыс бойы қордаланған қоқыстарды шығарып жатыр.

Шаһар басшылығы биылғы жылы Жаңашек каналының екі жағалауында бетондау жұмысын жүргізбек. Нәтижесінде каналдың 3 шақырымында құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

 

Көктем келе “ЛТД Тұрмыс” серіктестігінің жұмысшылары екі каналдың басым бөлігін қолмен тазартты. Су басу қаупы бар деген аумақтарға бүгін арнайы техника әкелуге мәжбүр болды. Әмбебап алты техника Сайрам және Ж. Аймауытов көшелерінің аралығында жұмыс жасады.

Бюджеттен қаражат бөлініп, жоспарланған құрылыс аяқталса 11 шақырымдық Жаңашек канлалында су тасу қаупі сейіледі.

 

833 қаралым