Жарияланды: 03.04.2020

Қала тазалығы үшін аса қажет

Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданы аумағында орнатылған жарнамаларға тексеру жұмыстары жүргізілді. Қала көркін ретке келтіру мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізіліп, заңсыз ілінген жарнамалар анықталды. Нәтижесінде аудан аумағында орналасқан 150-ге жуық заңсыз жарнамалар анықталып, ретке келтірілді. Бұл ең алдымен қала тазалығы үшін аса қажет. Көше бойларында желмен желбіреп, қала көркіне кері әсерін тигізіп тұрған мұндай жарнамаларға жол берілмейді. Мұндай тексеру жұмыстары алдағы уақыттада жүргізіледі.

1 011 қаралым