Жарияланды: 06.04.2020

Санақ жұмыстары жүргізілді

Шымкенттегі дендросаябақ ресми түрде ашылғалы бері, тал-дарақтарға санақ жұмыстары былтыр жүргізілді. Өткен жылы Алматыдағы Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары үш ай бойы ағаштар мен бұталардың түрін ғана емес, әрқайсысы қай жерде өсіп тұрғанына дейін анықтап шықты. Сонымен, ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының мәліметі бойынша, қазір Шымкенттегі дендросаябақта талдың 213 түрі бар. Оның 142-сі тал, 71-і бұта. Ал ашылған сәтте тасқа қашалып жазылған 1360-тан астам түрден қалғаны осы. Дендробақ мамандары бүгінде аумақтағы тал дарақтарды сақтау үшін еңбектенуде. Тамаша демалыс орнын көздің қарашығындай сақтау, оларды бүлдірмеу – әрбіріміздің азаматтық борышымыз екенін ұмытпауға тиістіміз.

713 қаралым