Жарияланды: 07.04.2020

Инвесторлар ел игілігі үшін…

Еліміздегі әрбір төртінші сәби күнгейде дүниеге келеді. Бұл өз кезегінде емхана, перзентхана, аурухана, бала бақша, мектеп тапшылық жоюды талап етеді. Қаламызда бұл бағытта көптеген жұмыстар қолға алынуда. Биыл Шымкентте 9 инвестор емхана құрылысын аяқтап, мемлекетке тапсырады. Оның екеуі бүгінде жұмысын бастаған.

Таяуда тағы екеуі қолданысқа берілмек. Ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген кәсіпкерлерге шымкенттіктердің алғыстан басқа айтары жоқ. Ал, күні кеше тағы бір емхана мемлекет игілігіне тапсырылды. Онда енді 25 мың науқас ем қабылдай алады.

Темірхан Варзилов, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы: «Инвесторлардың мұндай бастамасы әрине көңіл қуантады. Және өзге де кәсіпкерлерге үлгі. Қаламыздың әлеуметті  бағытта дамуы үшін қол созып жатқан кәсіпкерлерге алдағы уақытта басқа да жобаларға демеуші болады деген сенімдеміз».

785 қаралым